Ескертпелер үшін
.RU

Ескертпелер үшін

Дата15.05.2017өлшемі209.73 Kb.

ЕСКЕРТПЕЛЕР ҮШІН

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

12





Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.






2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа



  • Кәсіпкерлік кодекс (КК)2

  • Азаматтық процестік кодекс (АПК)3 қолданылады


КК-де кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың мынадай нысандары мен тәсілдері жүйеге келтірілген:




  1. ҚОРҒАУДЫҢ СОТТАН ТЫС НЫСАНДАРЫ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





  • егер ҚР заңдарында көзделгенде немесе тараптардың келісімімен қолданылады;

  • дау тараптары жеке және заңды тұлғалар бола алады;

  • дау тараптары дауды шешуге көмектесетін тәуелсіз делдалды тартады;




  • оның рәсімдерін жеңілдету үшін дербес немесе қорғаудың соттағы нысаны барысында қолданылуы мүмкін;

  • тараптар жеке өзі немесе сенімхат бойынша өкілі арқылы қатысады;

  • шешімді тараптар ерікті немесе мәжбүрлі түрде сот тәртібімен орындайды.

1


1.1 МЕДИАЦИЯ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Дау тараптары медиаторлар ұйымындағы медиаторлар тізілімінен таңдап алатын медиаторға жүгіне отырып, дауды шешу рәсімі





«Медиация туралы» Заңда жүргізу тәртібі4


Медиатор бейтарап болуға, медиацияны екі тараптың мүддесі үшін медиация туралы шартқа сәйкес жүргізуге міндетті.
Шарттың елеулі талаптары: шартты жасау күні, уақыты және нөмірі; тараптардың атауы, олардың өкілдерінің тегі және аты-жөні, лауазымы; дау нысанасы; медиатор туралы мәліметтер; талаптары, тәртібі және шығыстар мөлшері, жүргізу тілі; медиатордың, тараптардың жауаптылығы негіздері мен көлемі; жүргізу мерзімі мен тәртібі.
Медиация ерекшеліктері:

  • тараптардың өзара ерікті ниет білдіруі кезінде жүргізіледі, яғни тараптардың бірі келіссөздер жүргізуге келіспесе, медиация жүргізілмейді;

  • медиатор медиация басталғанға дейін медиация тараптарына медиацияның мақсатын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін (медиаторды өз еркімен таңдауға (ауыстыруға), кез келген сәтте медиациядан бас тартуға, дауды реттеу туралы келісімді орындауға) түсіндіруге міндетті;

  • медиатор тараптармен медиация тәртібін, орнын, уақытын, жүргізу тілін келіседі және олармен өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін жолдарды талқылайды (яғни жеңілген тарап болмайды);

  • тараптардың және медиатордың дауды шешу кезінде алған мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ (құпиялылық);

  • дауды қарау мерзімі 30 күннен кешіктірмей;

  • медиация жүргізуге байланысты шығыстарды тараптар бірлесіп тең үлестермен төлей алады;

  • дауды реттеу туралы келісім оған қол қойылған күні күшіне енеді және онда көрсетілген мерзімде орындалуға тиіс.


Қосымша ақпарат: медиатор көрсететін қызметтердің орташа құны сағатына 2500 теңге немесе медиацияның бүкіл процесі үшін шамамен 30 мың теңге5.

Статистика бойынша барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, оның 85 % оң нәтижелерге қол жеткізілді6.

2





ЕСКЕРТПЕЛЕР ҮШІН

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________


11

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, www.adilet.zan.kz;

2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі,

www.adilet.zan.kz;

3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, www.adilet.zan.kz;

4. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, www.adilet.zan.kz;

5. К. Калиакпаров. О медиации. www.mpc-info.kz;

6. Egov.kz порталы, Медиация арқылы дауларды реттеу, www.egov.kz;

7. «Адвокаттық қызмет туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, www.adilet.zan.kz;

8. Б. Раисова. Партисипативные процедуры. www.advokatura.kz;

9. Г. Айтжанова. Прайс-лист услуг адвоката. www.advokate.kz/price;

10. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, www.adilet.zan.kz;

11. «Халықаралық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, www.adilet.zan.kz;

12. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Төрелік орталығы, www.palata.kz;

13. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, www.adilet.zan.kz;

14. «Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы №1153 қаулысы, www.adilet.zan.kz;

15. Меркушева. Претензионно-исковая работа в Казахстане. www.zmlaw.kz;

16. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, www.adilet.zan.kz;

17. Egov.kz. порталы Соттардағы мемлекеттік баж мөлшерлемелері., www.egov.kz.
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты


www.sud.gov.kz






Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

www.mid.gov.kz





«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы


www.palata.kz





Республикалық адвокаттар алқасы



www.advokatura.kz


Ұлттық медиаторлар палатасы


www.mediation.kz







Қазақстандық халықаралық төрелік


www.arbitrage.kz


10





1.2. ПАРТИСИПАТИВТІК РӘСІМ

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тараптар арасында олардың адвокаттарының тапсыру туралы шарт негізінде жәрдемдесуі кезінде келіссөздер жүргізу рәсімі.





Жүргізу тәртібі мен талаптары АПК-да реттеледі




Адвокат жоғары заң білімі, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар және «Адвокаттық қызмет туралы» Заңға сәйкес кәсіби негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы7.
Шарттың елеулі талаптары: адвокаттың Т.А.Ә.А., өзі мүше болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету; тапсыру нысанасы; көрсететін қызметтерге ақы төлеу мөлшері мен тәртібі; шартты бұзу тәртібі мен талаптары.
Партисипативтік рәсім ерекшеліктері:


  • тараптардың өзара және ерікті ниет білдіруі кезінде жүргізіледі (тараптардың медиациядағыдай құқықтары мен міндеттері бар);

  • адвокаттар тараптармен жүргізу рәсімін, орнын, уақытын және тілін келіседі және өзінің сенім білдірушілерінің мүддесіне орай әрекет етуге міндетті;

  • тараптар өзара тиімді келісім жолдарын талқылау үшін мәселелерді таңдауға ерікті (бұл жерде де жеңілген тарап болмайды);

  • тараптардың және адвокаттың дауды шешу кезінде алған мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ (құпиялылық);

  • дауды жедел шешу (10 жұмыс күнінен аспайды);

  • дауды реттеу туралы келісім оған қол қойылған күні күшіне енеді және онда көрсетілген мерзімде орындалуға тиіс.


Қосымша ақпарат: партисипативтік рәсім, егер даулар осы рәсімге қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайларда, қолданылмайды8.

Шаруашылық дауларды шешуде адвокат көрсететін қызметтердің орташа құны 300 000 теңгеден басталады + іс оң шешілген жағдайда (дау сомасының 10% дейін) 9.

3


1.3 ТӨРЕЛІК

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Әрбір жекелеген іс (ad hос төрелігі) бойынша тағайындалатын төрешілердің немесе тұрақты төрелік органдарының төрелік келісім негізінде дауларды талқылауы







Жүргізу тәртібі мен талаптары АПК-да, «Аралық соттар туралы» және «Халықаралық төрелік туралы» заңдарда реттеледі11



Төреші – дауды шешу үшін тараптар сайлаған немесе тараптар келісілген тәртіппен тағайындаған жеке тұлға
Төрелік келісім – тараптардың туындаған немесе туындауы мүмкін дауды төрелікте қарауға беру туралы тараптардың жазбаша келісімі, ол шартта төрелік ескертпе түрінде немесе дауды төрелікке өзара беру туралы құжаттарды алмасу арқылы жасалады.

Төрелік ерекшеліктері:

  • төрелік талқылау талап арызды беруден басталады (оның мазмұны: күні; тараптардың атауы, олардың тұрғылықты жері (орналасқан жері); банктік деректемелері; талап қоюшының талаптары; талап қоюдың бағасы; төрешінің Т.А.Ә.А.; құжаттар тізбесі);

  • тараптардың құқықтары мен міндеттері тең (іс материалдарымен танысуға, дәлелдемелер ұсынуға, оларға қарсы өтінішхат мәлімдеуге, төрешіден бас тартуды талап етуге);

  • аяқталу мерзімі және төреші көрсететін қызметтердің құны тараптардың уағдаластығымен немесе төрелік ұйымның регламенті бойынша айқындалады;

  • тараптардың және төрешінің дауды шешу кезінде алған мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ (құпиялылық);

  • төрелік келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді және онда көрсетілген мерзімде орындалуға тиіс;

  • егер төрелік шешім ерікті түрде орындалмаса, онда ол мәжбүрлі түрде орындалуға тиіс. (АПК-нің 501-бабы).


Қосымша ақпарат: ҰКП Төрелік орталығы көрсететін қызметтердің орташа құны - 122 000 теңге (тіркеу алымы - 60 000 тн., төрелік алымы – 62 000 тн.)12.

Шешімдер Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы Нью-Йорк конвенциясының қатысушылары болып табылатын көптеген елдерде орындалады. Қазақстан оған 1995 жылғы 4 қазанда қосылды.
4




САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Дауларды шешу тәсілдері



Бағалау өлшемшарттары

рәсім

құны

мерзімдері

орындалуы

Ақпараттың қолжетімділігі

тараптардың келісімі бойынша


заң бойынша

тараптардың келісімі бойынша


мемлекеттік баж

қысқа

ұзақ

ерікті түрде

мәжбүрлі түрде

құпиялылық

жариялылық


Қорғаудың соттан тыс нысандары:

























1. Медиация


























2. Партисипативтік рәсім


























3. Төрелік



























4.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл


























5.Инвестициялық омбудсмен






























Дауларды сотқа дейін реттеу



























Сотта қорғау


































Қорытынды: қорғаудың соттан тыс нысандары анағұрлым басым әрі тиімді

(әсіресе, ел ішінде дауларды қарау кезінде - медиация, ал елден тыс шектерде - төрелік)

9




3. ҚОРҒАУДЫҢ СОТТАҒЫ НЫСАНЫ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







ҚР Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар1



Судья – ҚР Конституциясында және осы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда16 белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы.

Талап арыз жазбаша (электрондық) нысанда, соттың атауы; талапкер мен жауапкердің Т.А.Ә., олардың туылған күні, тұрғылықты жерлері немесе заңды тұлғаның атаулары мен орналасқан жерлері; бұзушылықтың мәні мен талапкердің талаптары; дәлелдемелердің мазмұны; егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге хабарласудың сотқа дейінгі тәртіпті сақтау туралы мәліметтер; талаптың бағасы мен т.б. көрсетіле отырып, сотқа беріледі;
Қорғаудың соттағы нысанының ерекшеліктері:

  • судьяның әрекеті, тараптардың (талапкер мен жауапкердің) құқықтары мен міндеттері, істі қарау тәртібі АПК-да қатаң түрде регламенттелген;

  • талқылаулар ашық (жариялы түрде) жүргізіледі;

  • сот шығыстары іс бойынша іс жүргізуге байланысты мемлекеттік баж бен шығындардан тұрады (АПК 102-бабы);

  • талап қоюлар, өтініштер, шағымдар нақты мерзімдер ішінде қаралады (АПК 121-бабы), мысалы, талап қою бойынша іс жүргізу – 2 ай;

  • сот актілерін жоғары тұрған сот апелляциялық (АПК 401-бабы), кассациялық (АПК 434-бабы) тәртіппен жаңадан ашылған негіздеулер бойынша (АПК 455-бабы) қайта қарауы мүмкін;

  • сот шешімі ол заңды күшіне енгеннен кейін немесе ол шығарылғаннан кейін дереу орындалуға жатады (АПК 241-бабы).

Қосымша ақпарат: мүліктік сипаттағы талап арыздардан мемлекеттік баж сомасы: азаматтар үшін – талап қою сомасынан 1%; заңды тұлғалар үшін – 3%17. Құқықтарды қорғаудың тиімді нысаны болып табылады, бірақ қараудың (шағымданудың) ұзақ мерзімдеріне орай қосымша уақыт жағынан және ақшалай шығындарға әкеп соғады.

8





1.4 КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және қорғау мақсатында, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен лауазымға тағайындалатын адам (КК 307-бабы).
Уәкіл адамның негізгі функциялары (КК 309-бабы):


  • ҚР мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерінде әрекет етеді;

  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң бойынша бизнес субъектілерінің өтініштерін қарайды13;

  • мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді тоқтата тұру жөніндегі ұсынымдар енгізеді;

  • кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) бұзған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, оның ішінде кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар жібереді;

  • кәсіпкерлер құқықтарының жүйелі түрде бұзылу фактілері бойынша ҚР Президентінің қарауына өтініш енгізеді;

  • заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа талап қоюмен (арызбен) жүгінеді.








Мемлекеттік органдар алдын ала қарамаған өтініштер және бизнес субъектілерінің арасындағы құқықтардың бұзылуы туралы өтініштер қаралуға жатпайды



Қосымша ақпарат: Өтініштер күнтізбелік 30 күн ішінде қаралады және төлемге әкеп соғады.

Уәкілетті адамның қызметін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді.

5


1.5 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОМБУДСМЕН

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


ҚР Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функцияларды атқаратын лауазымды адам.








Инвестициялық омбудсменнің қызметі КК-да және оның қызметі туралы ережеде реттеледі14



Омбудсменнің негізгі функциялары (КК 315-бабы):

  • ҚР-да инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін ұсынымдар шығарады;

  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды13;

  • «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаған кезде инвесторларға қолдау көрсетеді;

  • туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;

  • мемлекеттік орган немесе ұйым қабылдаған шешімнің заңдылығын тексеруді жүргізу мәні бойынша прокуратура органдарына жүгінуді инвесторға ұсынуы мүмкін;

  • инвестордың өтінішінде баяндалған мәселелер бойынша қорытындыларды даярлау үшін жеке және заңды тұлғалар қатарынан консультанттар мен сарапшыларды тартады;

  • инвестициялық қызмет мәселелері бойынша ҚР заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.


Қосымша ақпарат: Өтініштер күнтізбелік 30 күн ішінде қаралады және төлемге әкеп соғады.

Инвестициялық омбудсменнің қызметін, ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жүзеге асырады.


6





2. ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІН (НАРАЗЫЛЫҚ) РЕТТЕУ

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Зардап шеккен тараптың бұзушыға белгілі талаптар қоюының рәсімі. Олар наразылықта мазмұндалады және адамның құқыққа сыйымсыз әрекеттерінің салдарынан оған келтірілген нұқсанның орнын өтеуге тиіс.





Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібін іскерлік айналым шеңберінде, бірақ АПК-да және ҚР заңдарында көзделген ерекшеліктермен бизнес субъектілерінің өздері реттейді


Наразылық мынадай мәліметтерді қамтиды: тараптардың Т.А.Ә., тұрғылықты жерлері немесе заңды тұлғаның атаулары мен орналасқан жерлері; бұзушылық пен талаптың мәні; дәлелдемелердің мазмұны; талап қою наразылығының бағасы, ниет, талаптар ерікті тәртіппен қанағаттандырылмаған жағдайда дау сотқа беріледі, қоса берілетін құжаттар (шарттың көшірмесі, тауар (көрсетілетін қызметтер) үшін ақы төлеу туралы түбіртек және т.б.)15.
Дауларды сотқа дейінгі реттеу ерекшеліктері:

  • тараптардың бірі бітімгершілік келісіммен істі аяқтауға ниеттенетін кез келген жағдайда мүмкін;

  • міндетті немесе ерікті болады. Талап арыз берілгенге дейін тараптар жанжалды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге әрекет жасағаны туралы құжаттың болуынсыз сотта қаралмайтын істердің ерекше санаты бар;

  • ақша қаражатының шығындалуына әкеп соқпайды (пошта қызметтерін көрсету үшін ақы төлеуді қоспағанда). Талап арыз берілген кезде, кемінде, сот бажын төлеу қажет болады;

  • ҚР заңдарында белгіленген жағдайларда, дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау міндетті болмағанда, кәсіпкерлік субъектісі сотқа тікелей жүгінуге құқылы.


Қосымша ақпарат: дауды шешудің сотқа дейінгі тәртібіне тараптарды ынталандыру үшін АПК-да осы тәртіппен осы тарап ұшыраған шығынды өтеу, жұмыс уақытын жоғалтқаны үшін жеңілген тараптың шығындарын өтеу көзделген, істердің жекелеген санаттары бойынша мемлекеттік баж мөлшері ұлғайтылды (АПК 109-бабы).



Достарыңызбен бөлісу:

eta-kniga-vishedshaya-iz-pod-pera-celoj-gruppi-vedushih-specialistov-predstavlyaet-soboj-interesnejshij-sbornik-nauchnih-rabot-i-kommentariev-issleduyushih-teoriyu-i-p-stranica-16.html
eta-kniga-voznikla-na-osnove-kursa-lekcij-prochitannih-avtorom-v-1994-95-gg-v-universitete-istorii-kultur-uavtora-davno-bila-misl-popitatsya-svyazno-i-obektivno-izlozhit-istoriyu-vozniknoveniya-togo-stranica-18.html
eta-kniga-zadumana-kak-vvedenie-v-takuyu-bogoslovskuyu-tematiku-kotoraya-nesmotrya-na-svoyu-vazhnost-i-obichnij-svojstvennij-k-nej-interes-redko-udostaivaetsya-vni-stranica-19.html
eta-kniga-zadumana-kak-vvedenie-v-takuyu-bogoslovskuyu-tematiku-kotoraya-nesmotrya-na-svoyu-vazhnost-i-obichnij-svojstvennij-k-nej-interes-redko-udostaivaetsya-vnim-stranica-19.html
eta-knizhka-o-druzhbe-odruzhbe-staroj-vernoj-i-vechnoj-otom-prekrasnom-edinenii-znaniya-i-vdohnoveniya-tehnicheskoj-izobretatelnosti-i-hudozhestvennogo-chutya-na-stranica-10.html
eta-legenda-zhila-na-flote-v-pervie-godi-posle-vojni-rasskazivali-chto-kogda-nashi-vojska-vzyali-rejhstag-nad-ego-stenami-sredi-krasnih-flagov-vodruzhennih-peho-stranica-4.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/principi-raboti-s-neuspevayushimi-uchenikami.html
  • university.bystrickaya.ru/ezhekvartalnij-otchet-otkritoe-akcionernoe-obshestvo-rossijskie-zheleznie-dorogi-kod-emitenta-stranica-35.html
  • shpora.bystrickaya.ru/zaklyuchenie-yu-v-popkov-internacionalizaciya.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/pravila-potrebleniya-napitkov-vino-i-konyak.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/uchebnaya-programma-disciplini-ekonomika-domashnego-hozyajstva-i-okruzhayushego-sociuma-specialnosti-100110-65-domovedenie-novosibirsk-2008.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-iv-problema-razvitiya-v-psihologii-predmet-i-zadachi-psihologii-kak-nauki.html
  • books.bystrickaya.ru/chinovnik-opustil-povyazku-i-povtoril-frazu-yavzyal-chistij-blank-on-ukazal-paragrafi-kotorie-nuzhno-zapolnit-stranica-10.html
  • crib.bystrickaya.ru/kalendarnij-plan-meropriyatij-po-podgotovke-i-provedeniyu-dosrochnih-viborov-glavi-verh-krasnoyarskogo-selsoveta-severnogo-rajona-novosibirskoj-oblasti.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tema-5-mirovaya-valyutnaya-sistema-tema-mirovaya-ekonomika-i-meo-3.html
  • literature.bystrickaya.ru/dostoprimechatelnosti-londona-chast-2.html
  • desk.bystrickaya.ru/otchet-po-gosudarstvennomu-kontraktu-ot-04-06-2012-1102-01-4106-12-o-vipolnenii-nauchno-issledovatelskoj-raboti.html
  • writing.bystrickaya.ru/kursovaya-chast-4.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/ya-protivnik-demokratii-kniga-rasschitana-na-shirokij-krug-chitatelej.html
  • write.bystrickaya.ru/federalnij-perechen-uchebnikov-rekomendovannih-ministerstvom-obrazovaniya-i-nauki-rossijskoj-federacii-k-ispolzovaniyu-v-obrazovatelnom-processe-v-obsheobrazovatelnih-uchrezhdeniyah-na-20092010-uchebnij-god.html
  • tests.bystrickaya.ru/konferenciya-sostoitsya-6-11-iyunya-2004g-na-baze-tomskogo-politehnicheskogo-universiteta-tpu-organizatori-konferencii.html
  • essay.bystrickaya.ru/chlenstvo-v-uchenih-sovetah-drugih-gosudarstvennih-i-obshestvennih-associaciyah.html
  • shpora.bystrickaya.ru/yurij-novikov-predislovie.html
  • nauka.bystrickaya.ru/vnutrifrakcionnaya-rabota-tv-gosduma-pyatogo-soziva-stavit-rekordi-v-pervuyu-sessiyu-9.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/programma-kursa-obektno-orientirovannij-analiz-i-programmirovanie-ooaip-dlya-specializacii-informacionnie-tehnologii-v-meo.html
  • education.bystrickaya.ru/2-nejronnie-seti-1-iskusstvennij-intellekt-6.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-12-magiya-vsesilna-kakie-novosti-sprosil-tot-chto-bil-povishe.html
  • bukva.bystrickaya.ru/raspredelenie-leksicheskih-tem-primernoe-perspektivnoe-planirovanie-raboti-po-formirovaniyu-leksiko-grammaticheskih.html
  • letter.bystrickaya.ru/na-zasedanii-us-ti-f-svfu-stranica-3.html
  • grade.bystrickaya.ru/modeli-profilaktiki-vozniknovenie-i-stanovlenie-socialnoj-pedagogiki-sop-kak-teorii-i-praktiki.html
  • tasks.bystrickaya.ru/--literatura-predislovie.html
  • school.bystrickaya.ru/k-1945-g-vremeni-prekrasheniya-serijnogo-proizvodstva-bilo-postroeno-6784-db-3il-4-iz-nih-okolo-5300-sostavlyali-il-za-vremya-serijnogo-proizvodstva-zatra-stranica-5.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/metodicheskoe-posobie-po-reabilitacii-lyudej-s-ogranichennimi-vozmozhnostyami-sredstvami-kulturi-i-iskusstva-izdanie-osushestvleno-pri-podderzhke-kompanii-polyarnoe-siyanie.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/otchet-ob-issledovanii-rossijskih-fondov-mestnih-soobshestv-podgotovlen-po-zakazu-foruma-donorov-pri-finansovoj-podderzhke-fonda-ch-s-motta-i-fonda-forda-stranica-8.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/primernaya-programma-uchebnoj-disciplini-gigiena-i-ekologiya-cheloveka-2011-g.html
  • learn.bystrickaya.ru/globalnie-ekologicheskie-processi-novie-tendencii-razvitiya-mirovogo-turistskogo-rinka-duhovnaya-liliya-leonidovna-kandidat-ekonomicheskih-nauk-docent.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/investicii-v-rossii-chast-7.html
  • school.bystrickaya.ru/38-narushenie-kritichnosti-mishleniya-pervichko-elena-ivanovna-otveti-na-voprosi-k-ekzamenu-s2010-kollektivnoe-soznatelnoe.html
  • holiday.bystrickaya.ru/oao-kamaz-i-cnh-global-nv-obyavili-o-zaklyuchenii-soglasheniya-o-sozdanii-kommercheskogo-sovmestnogo-predpriyatiya-ooo-si-en-ejch-kamaz-kommerciya-cnh-kamaz-commercial-bv.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/spisok-literaturi-rekomenduemoj-dlya-letnego-chteniya.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/obshee-kolichestvo-vremeni-243-minuti-4-chasa-03-minuti-obsheobrazovatelnoj-programmi-na-2011-2014-godi-2011-god.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.