.RU

Ф.ғ. к., доцент Н. А. Казбеков., ф.ғ. к., доцент С. Б. Балшикеев. Каргту фундаментализм. Діни – саяси экстремизм пайда болу факторлары мен себептері

Дата10.04.2017өлшемі76.58 Kb.
ф.ғ.к., доцент Н.А.Казбеков.,

ф.ғ.к., доцент С.Б.Балшикеев.

КарГТУ

ФУНДАМЕНТАЛИЗМ. ДІНИ – САЯСИ ЭКСТРЕМИЗМ ПАЙДА БОЛУ ФАКТОРЛАРЫ МЕН СЕБЕПТЕРІ

Фундаментализм тарихына қарайтын болсақ, оның идеялық мағынасы, яғни теориясы көп ғасыр бойы әртүрлi ойшылдардың теориялары негiзiнде қалыптасқан. Ислам фундаментализмінің тамыры мұсылман дәуірінің ғасырына кетедi. Оның негiзiн салушылар б. э. 657 жылы төртiншi халиф Әлиден бөлiніп шыққан хараджиттер. Олар Әли мұсылмандардың күресі кезiнде қатаң мiнез көрсеткен жоқ деген желеумен бөлiндi. Ислам фундаменталистерi мен экстремистер тек қана құранға ол құранда жазылмаса тек пайғамбарымыздың сүннетiне сүйенедi. Ислам фундаменталистерi мен экстремистердiң идеологтары классикалық мұсылмандық құқықты мойындамайды иджма, қияс, мұсылман құқығы финхты да мойындамайды. Олардың жазған мазхабтарын кәпір деп санайды. Әрине, бұл мазхабтар әлемнiң өзгеруiне байланысты жазылған болу керек. Ислам фундаменталистерiнде қалыптасқан ой бойынша жамандық пен зұлымдық қашанда күрес үстiнде. Жақсылық күштерiн Алла басқарады, жамандықты шайтан басқарады деген пiкiр айтып отыр. Бұл күрес әртүрлі бағытта жүзеге асады. Адамның психикасынан басталып, дүниежүзілік соғыспен аяқталады. Зұлымдық пен жақсылықтың күрескен кезiнде, жақсылық өлшемі болып, Алланың бiрлiгiне сену болып табылады. Бiрақ, Ислам фундаменталистерi, одан әрi барып, жақсылық пен сенiм бiр-бiрiнен бөлiп алынбайтын зат дегендi айтады және жамандық сенiмнің жоқтығын айтады. Олар былай деп түсіндiредi: " Аллаға деген сенiмсiздiк шексiз зұлымдық белгiсi болып табылады, ал сенiмнің қабылдануы жақсылықтың дәлелi ретiнде ќабылданады". Сондықтан құдайға сенбейтiндер қанша жерден жақсы болып көрiнгенмен де ол кәпірлер, сондықтан олар мен күрес жүргiзу керек дегендi айтады. Ислам фундаменталистерiнің ойы бойынша бүкіл адамзат тарихы Аллахтың бағыт-бағдарымен iстелiп отыр. Адамдар тарихты жасай алмайды, олар мен тарихты жасайтын Аллахтың бағыт-бағдарына ерiк бiлдiрiп жүре алады.

Осы жерде ескертетін жай, - дін жолына «ерекше» берілгендерді, яғни діни фанатизм жолындағыларды, экстремистер қатарына қоса беруге болмайтындығы. Дау жоқ, фанатизмнің экстремистік әрекеттердің бой көрсетулерінде басты құрамдас бөлігінің бірі екендігі рас, дегенмен, ол ең басты емес. Діни фанатизм белгілі бір адамдардың өз танымы мен сана-сенімінің, психологиялық жай-күйінің көрсеткіші ретінде қабылдануы тиісті. В.Смиттiң айтуы бойынша: "Фундаменталистердi екi ағымға бөледi; 1) Бiр қалыпты ("moderates); 2) әсiре жауынгерлiк ("militans"); басты критериi күш қолдану қаупi". В. Смит осы типологияларды жiктейдi, сонымен қатар бұл жiктеу батыс баспаларында кең пайдаланады.

Барлық фундаменталистер идеологиясы мақсаты бiр болып табылады, "бiр қалыпты және соғысшыл" фундаменталистер айырмашылығы олардың күрес әдiс-тәсiлдерiнде болып табылады. Мысалы: "Бiр қалыпты фундаменталистер үлкен қарулы қақтығыстарға бармайды. Ол тек саяси бағыт ұстанған. Бұл тұжырымдама көпшiлiктен оң баға ала алмады. Фундаментализмдi iшiнен бөлу үшiн, яғни жiктеу үшiн олардың идеологтарын модернизацияланған үрдiске ат салысқан хақ мұсылмандар және мұсылман құқығынан айырылған деп бөлуге болады. Ол шын мағынасында кәпiр, дiнсiздер. Мұсылмандардан кiмде-кiм ауыр күнә жасаса ол мұсылман құқығынан айырылады.

Кейбiр кезде басқаша сындар қолданылады. Яғни, Х. Ансари өз жiктеуiнде: "Жамаот исламийя" жауынгер исламистер тобының мiндетi жихад жасау болып табылатынын айтып көрсетедi". О. Карре исламистiк ұйымдарды 3 топќа бөледi.

1) Билiкке ықпал ету немесе билiкке араласу; 2) Билiкке, үкiметке қысым көрсету; 3) Қарулы қақтығыс арқылы күресу;

Көп ғалымдар фундаментализм тарихын, дамуын зерттей келе оған нақты анықтама бердi; «Ислам фундаментализмi саяси-идеологиялық ағым ретiнде /күрескер/ «жауынгерлiк исламның» бiр бөлiгi ретiнде қарастырады. Мақсаты: мемлекеттiк құрылым кезiнде ислам қағидаларын пайдалану және оны жүзеге асыруға әртүрлi саяси және қарулы күш көрсету арқылы ислам мемлекетiн құру. Фундаментализмдi iшiнен бөлу үшiн, яғни жiктеу үшiн олардың идеологтарын модернизацияланған үрдiске ат салысқан хақ мұсылмандар және мұсылман құқығынан айырылған деп бөлуге болады. Ол шын мағынасында кәпiр, дiнсiздер. Мұсылмандардан кiмде-кiм ауыр күнә жасаса ол мұсылман құқығынан айырылады.

Көптеген авторлардың пайымдауы бойынша: "Ислам фундаментализмiнің етек жаюының басты себептерi ретiнде идеологиялық бағыт-бағдардың жойылуы, не социализмге емес, не капитализмге емес түсінiксiз бағытта бет алу, адамдардың нашақорлық, жыныстық тәрбиенің жоқтығы, жанұялардың құлауы, мұсылман елдерiнде күштi саяси демократиялық күштiң болмауы; экономикалық реформалар сәтсiз аяқталуы т.б. жағдайлар мұсылмандардың әлеуметтiк поляризациясын күшейттi. Батыстың мұсылман елдерiне енiп өзiнің мәдени, саяси әлеуметтiк түрiн, өмір сүру салтының модельдерiне елiктеудің белең алуы т.б. жағдайлар. Ислам елдерiне өзiнің әскери базаларын орналастырғысы келедi. Осындай жағдайлар батысқа қарсы пiкiрлерді туғызады.

«Экстремизм» сөзі француз тілінен қазақ тіліне аударғанда «шектен тыс» деген мағынаны береді. Осыдан, қоғам өмірінде шектен тыс көзқарас пен қимылды жақтаушыларды «экстремистер» деп атаған. Саяси экстремизм өз мәселелерін шешу және мақсатына жету үшін түрлі зорлықтар мен террор арқылы ең өрескел әдістерді қолданады. Қазіргі замандық экстремизмнің көптеген түрлері мен көріністері бар. Мысалы, оңшыл экстремизм (неофашистік партиялар мен топтар); солшыл экстремистер (Италиядағы «қызыл бригадалар», және Германиядағы топтар); исламдық экстремизм. Экстремизмнің пайда болуының субъективтік себебінен басқа, саяси құрылым мен институттардың әлсіздігі, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық саясаттағы қателіктер мен кемшіліктерге байланысты себептері болады. Кез келген құбылыс сияқты терроризм, экстремизм де өз дәуірінің туындысы. Терроризм мен экстремизм тарихи және саяси дамудың әрбір жаңа кезеңіне бейімделе отырып, ұзақ та күрделі эволюциялық жолдан өтті. Қазiргi экстремизм – өте тез дамып келе жатқан күш, сонымен қатар саяси үрдiстегi глобализацияға альтернатива бола алады. Ол өз ықпалымен Орталық Азиядағы көптеген мемлекеттердің оппозициялық топтарының жылжуындағы негiзгi күшi болып табылады. «Фундаментализм», «фанатизм», «экстремизм» ұғымдарының ғылыми тұжырымдалған анықтамаларын қарапайым адамдар біле бермейтіндігі анық. Олардың түсінігінде ол сөздер «қатыгездік», «бұзақылық», тіпті «зұлым» және т.б. мағынада болады. Ал енді осылардың қатарында айтылып жүрген «экстремизм» ұғымы, әсіресе «діни экстремизм» ұғымынан нені пайымдауға болады?

Ислам экстремизмiнің негiзiн түсіну үшін, Ислам фундаментализмiнің ерекшелiгi яғни, мәнiне тоқталайық. Бұл Исламның радикальды түрi, Ислам мемлекеттерiне "бұрынғы ұлылықты" қайтарып әкелу. Шынайы мұсылмандар батыстық құндылықтардың өмір сүру салтынан аластау керек. Олар яғни, шынайы мұсылмандар Исламның қайнар көздерi. Яғни фундаментiне қайта оралу керек. Ол фундамент Мұхаммад пайғамбар айтқандай болу керек.

Ислам фундаментализмiнің бiр ағымы Ислам экстремизiмi болады. Бiз өз типологиялық жiктеуiмiзде Исламдық экстремизмдi фундаментализмнiң бiр тармағы ретiнде қараймыз. Экстремизмге анықтама беретiн болсақ, ол халықтың көпшiлiгiнiң саяси элитаға сенбеушiлiгiнен туындаған наразылық ұшқыны. Ислам фундаментализмi халықты күш көрсету арқылы билiк басына шынайы мұсылман келу керек дегендi меңзейдi. Радикальды ислам топтары ислам дiнi, жоғалып кету қаупiнде тұр дегендi айтады. Исламды сақтап қалу үшін, шынайы мұсылмандар бiрiгiп бiлектi болып алу керек. Ислам фундаменталистерiнің соңғы мақсаты болып, яғни саяси басқарылатын және заңды жүзде шариғатпен билiк жүргiзетiн мемлекет ќұру. Ќазiргi кезде "фундаменталистердің бұндай мақсаты үш елге жеттi: Иран, Судан, Ауғаныстан". Басқа мұсылман елдерiнде олар бiрiн оппозицияда оларды көбінесе заңнан алшақ ұстайды, бірақ, олар Сирияда, Иракта, Алжирда, Туниста қоғамдық-саяси пiкiрге өз ыќпалы бар. Ислам фундаментализмiнің түпкiлiктi мақсаты: " Ислам заңдылықтарын сақтамағандарға қарсы күрес жүргiзу керек".

Сонымен экстремизм проблемасы айналасындағы зерттеулерден қолымызда барын зерделей келіп, оның пайда болуы мен бой көрсетулерінне төмендегі факторлар басты себепкер болуы әбден ықтимал деуге болады:

-Халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы;

-Елде діни сенім мәселесінің дұрыс жолға қойылмауы;

-Өзін тіркеуге талап қылған діни ұйымдар мен конфессиялардың құжаттары мен олар жөніндегі мәліметтердің мұқият та тыңғылықты зерттелмеуі;

-Діни «оппозиция» немесе «теріс» пиғылдағы діни ұйымдардың елде пайда болуы, олармен жан-жақты жұмыстардың жүргізілуімеуі;

-Ішкі саясатта діни немесе этникалық азшылыққа үкімет тарапынан қысымшылық көрсетілу;

-Діни негізде орын алған оқиғаға уақтылы да шынайы баға беріліп, оны реттеу мақсатында тиісті шаралардың қолданылмауы;

-Елдің болашағын айқындайтын белгілі бір идеология мен стратегиялық бағыт бағдардың болмауы;

-Бұқаралық ақпарат құралдардың белгілі бір оқиғаға, бағдарламаның орынды-орынсыз жарық көріп таратылуы.

Әрине, бұл келтірілген факторлар экстремистік бой көрсетулердің толық бет пердесін ашып береді деуге болмайды. Сонда да бүгінгі күнге дейін орын алған оқыс оқиғалар мен келеңсіздіктердің астарынан осылар мейлінше анық байқалады. Қорыта келе айтарымыз, діни, экстремизм әлеуметтік қана емес, саяси да құбылыс. Ол белгілі бір дінге ғана тән емес, интернационалды. Сондықтан да оны бір дінмен ғана байланыстырмай жалпы қарастырып зерттеу қажет.

И.В.Астэрдің пікірінше, жастардың наразылық көрсетуінің, сондай ақ эктремистік сипат алуының бірден бір негізгі себебі өздерінің әлеуметтік жағдайларына көңілдері толмайтындықта. Мұндай наразылықтың мақсаты әділеттілікті, құқықтық теңдікті орнату және т.б. Негізгі тұрғындардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, билік беделінің кетуі, ірі корпорациялардың өрескелдігі діннің билік пен экономикалық артықшылық үшін күресін саясаттандырып жастарды діни экстремизмге алып келуші факторлар болады.

Мысалы Э.Ж.Сокурова діни экстремизм себептерін анықтаудың қиын екендігін айта отырып ол туралы келесідей пікір білдірді: «Діни экстремизмнің пайда болуының себебі діни, әлеуметтік, экономикалық, саяси, психологиялық, интеллектуалдық болуы мүмкін. Мәселенің тамыры адамның өзінде, оның отбасы мүшелерімен, туысқандарымен қатынастарында болуы ықтимал. Ал экстремистің жан дүниесіне тереңірек қарасақ оның іщкі дүниесі мен сыртқы қоғам арасындағы, сенім мен жүріс-тұрыс арасындағы, мұраттары мен шындық, дін мен саясаттың, ниет пен әрекеттің, зайырлық пен құдайшылықтың арасындағы қайшылықтар болуы мүмкін. Сондықтан, мұндай антогонизм кейбір жастарды шыдамсыздыққа, агрессияға әкеледі. Бірақ бір нәрсе анық, діни фанатизмнің басты себебі, діннің мақсаты мен мәні жайлы ешқандай білімнің болмауында. Егер ешқандай діни білім мен практиканың болмауы экстремизмнің – эгоистік және әдепсіздік формасына әкелсе, жартылай, шала білімділік қарама-қарсы нәтижеге әкеледі – ол агрессорлық радикализм.

Әрбір нақтылы топ, қоғам мен мемлекет үшін діни экстремизмнің пайда болу себептері субъективті және объективті жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Солай болғанда да, мұндай құбылыстың пайда болу себептерінің базистік барлық қоғамдар мен мемлекеттер үшін базистік алғышарты бар. Мысалы Д.Ольшанский бұл феноменнің келесідей негізгі себептерін көрсетеді: -әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, көпшілік тұрғындардың өмірсүру деңгейінің күрт төмендеуі; - Билік құрылымының және саяси институттардың деформациясы, олардың ушыққан қоғамдық даму мәселелерін шешуге қабілетсіздігі; - саяси режимнің тоталитарлық сипаты, биліктің оппозицияны басып тастауы, өзгеше ойлайтындарды қуғындау, ұлттық алалау, жеке топтардың тек өз мәселелерін шешуге асығуы, лидерлердің саяси амбициясы.


Әдебиеттер

1. Ислам. Энциклопедиялық анықтама. Алматы. 2010



2. Трофимов Я.Ф. Религиозный экстремизм. Караганда, 2012.

3. Э.Ж.Сокурова. Причины возникновения религиозного экстремизма среди молодежи и пути его преодоления.// Материалы республиканской научной онлайн-конференции6 от 18.11.11. г.Актобе: АГУ им.К.Жубанова, 2011. С.66.

Достарыңызбен бөлісу:

glava-2-francuzskaya-model-yuvenalnoj-yusticii-regionalnij-otkritij-socialnij-institut.html
glava-2-funkcii-relefa-v-rekreacionno-geomorfologicheskih-sistemah-organizaciya-rekreacionno-geomorfologicheskih.html
glava-2-galaha-evrejskij-put-nashe-pokolenie-vidimo-bolshe-lyubogo-drugogo-uvlecheno-poiskami-smisla-zhizni.html
glava-2-geneticheskij-determinizm-i-geneticheskij-selekcionizm-rasshirennij-fenotip-dalnee-vliyanie-gena.html
glava-2-gerundij-gerund-uchebnoe-posobie-sootvetstvuet-gosudarstvennomu-standartu-napravleniya-anglijskij-yazik.html
glava-2-giperboreya-arkticheskaya-rodina-ariev-po-btilaku-duhovnayaistori-ya.html
  • lecture.bystrickaya.ru/73-koefficient-estestvennogo-prirosta-naseleniya-1950-2004-uchebno-metodicheskij-kompleks-dlya-studentov-ochnogo.html
  • holiday.bystrickaya.ru/novoe-psi-oruzhie-zagadochnie-sverhvozmozhnosti-cheloveka.html
  • nauka.bystrickaya.ru/voprosi-i-otveti-na-temu-polucheniya-subsidij-ot-gosudarstvo-na-pokupku-zhilya-dlya-molodih-semej.html
  • lecture.bystrickaya.ru/7-povest-o-gorezlochastii-drevnerusskaya-literatura-literatura-xviii-veka-istoriya-russkoj-literaturi-v-4-h-tomah.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/programma-po-discipline-grazhdanskoe-pravo-rk-osobennaya-chast-dlya-specialnosti-050301-yurisprudenciya-forma-obucheniya-zaochnaya.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/glava-3-genezis-rossijskogo-zakonodatelstva-o-nedvizhimosti-a-a-lazarevskij-avtor-ekspert-partii-yabloko.html
  • essay.bystrickaya.ru/chislennost-detej-invalidov-v-vozraste-do-18-letpoluchayushih-socialnie-pensii-ob-osnovnih-garantiyah-prav-rebenka-v-rossijskoj-federacii.html
  • doklad.bystrickaya.ru/uchebnik-ritoriki-trenirovka-rechi-s-uprazhneniyami-perevod-s-nemeckogo-s-t-buglo.html
  • writing.bystrickaya.ru/19949-te-lim-2008-annotacii-statej.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/analiticheskaya-klassifikaciya-kationov.html
  • credit.bystrickaya.ru/osnovnie-polozheniya-metodiki-zakalivaniya.html
  • esse.bystrickaya.ru/razdel-1-vozdejstvuyushaya-sila-iskusstva-9-chasov-rabochaya-programma-po-predmetu-izobrazitelnoe-iskusstvo-i.html
  • write.bystrickaya.ru/god-god-informaciya-soderzhashayasya-v-nastoyashem-ezhekvartalnom-otchete-podlezhit-raskritiyu-v-sootvetstvii-s-zakonodatelstvom.html
  • learn.bystrickaya.ru/generalskij-effekt-centralnom-dome-literatorov-prohodyat-odin-raz-v-mesyac-kazhduyu-tretyu-subbotu-sajt-klf.html
  • znanie.bystrickaya.ru/atmosfernij-vozduh.html
  • textbook.bystrickaya.ru/imenno-etot-ideal-i-predyavlyal-aristokratii-te-samie-visokie-trebovaniya-blagodarya-kotorim-i-proishodit-ee-elitizaciya-i-obosoblenie-ot-massi-uzhe-apulej-v-svoej-knige.html
  • holiday.bystrickaya.ru/o-e-timofeeva-aktualnie-problemi-sovremennosti.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/analiz-finansovogo-sostoyaniya-kommercheskogo-banka-chast-2.html
  • lesson.bystrickaya.ru/sovremennie-filosofskie-refleksii-otnositelno-prava-pravovih-otnoshenij-i-yuridicheskoj-nauki-ih-oformlyayushej.html
  • studies.bystrickaya.ru/deutsche-bahn-mozhet-stat-akcionerom-urala-promishlennogo-kommersant-ural-16072011.html
  • universitet.bystrickaya.ru/uchebnij-plan-programmi-professionalnoj-perepodgotovki-specialnost-prikladnaya-informatika-v-ekonomike.html
  • letter.bystrickaya.ru/obespechenie-obespechenie-obrazovatelnogo-processa-uchebnoj-i-uchebno-metodicheskoj-literaturoj-po-napravleniyu-080100-ekonomika-profilyu-ekonomika-predpriyatij-i-organizacij-pp-stranica-2.html
  • teacher.bystrickaya.ru/faktori-migracii-naseleniya-i-ekonomicheskie-posledstviya-vnutrennyaya-migraciya-naseleniya-respubliki-kazahstan-po-itogam.html
  • letter.bystrickaya.ru/obrazovatelnaya-programma-utverzhdeno-soglasovano-na-pedsovete-.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/v-organizacionno-partijnoj-modeli-uchebnoe-posobie-mogut-ispolzovat-v-samostoyatelnoj-rabote-nad-soboj-vse-te.html
  • abstract.bystrickaya.ru/33-parametri-harakterizuyushie-soderzhanie-puti-i-iznos-relsov-poyasnitelnaya-zapiska-k-novoj-redakcii-tu-po-ispolzovaniyu.html
  • znanie.bystrickaya.ru/48-raschet-posevnoj-ploshadi-neobhodimoj-dlya-obespecheniya-vnutrihozyajstvennih-nuzhd-i-vipolneniya-dogovorov-po-rastenievodcheskoj-produkcii.html
  • abstract.bystrickaya.ru/25-inzhenernaya-podgotovka-territorii-krasnoyarsklesproektstroj-dokument-territorialnogo-planirovaniya.html
  • turn.bystrickaya.ru/pochti-polveka-nazad-yarkoe-perezhivanie-prodolzhavsheesya-vsego-neskolko-chasov-izmenilo-vsyu-moyu-lichnuyu-zhizn-i-nauchnuyu-kareru-ya-togda-molodoj-vrach-psihiatr-ne-stranica-14.html
  • predmet.bystrickaya.ru/sekcionnij-15-minut-vklyuchaya-vremya-dlya-otvetov-na-voprosi-tehnicheskie-sredstva.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/lekarstvennie-rasteniya-v-kosmetike.html
  • shkola.bystrickaya.ru/strategiya-upravleniya-dolgom-goroda-moskvi.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/razdel-o-uslugi-kommunalnie-socialnie-komitet-rossijskoj-federacii-po-standartizacii.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tezis-cherchatyuringa-mozhet-li-kompyuter-obladat-razumom.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/6-obsledovanie-sostoyaniya-gruntov-osnovaniya-zdanij-i-sooruzhenij-bajkalskoe-regionalnoe-obedinenie-iziskatelej.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.